Шымкент тұрғындарының 99%-ы табиғи газбен қамтылады

0
987

Әкім орынбасары бұл көрсеткішке қашан орындалатынын айтты.


Шымкент тұрғындарының 99%-ы табиғи газбен қамтылады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөздер

Шымкент қаласында үшінші АГРС іске салынып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов айтып берді.

«Бұл көрсеткішке 2021 жылы шаһардағы үшінші АГРС-ті іске қосудың нәтижесінде жетеміз», - деді Бұхарбай Парманов.

Ал, аталмыш нысан іске қосылғанға дейін табиғи газбен қамтылмаған тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін қала әкімі Ерлан Айтахановтың бастамасымен Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қасымбек Датқа елді мекенінен 25 мың м3/сағ. газ алуға мүмкіндік беретін газ құбырының құрылысы (7,5км) бойынша ЖСҚ әзірленіп жатыр.