ШЫМКЕНТ: Туризм орталығы жаңа жобаны қолға алып жатыр

0
2 472

Қызыр Пайғамбардың мұнарасына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


ШЫМКЕНТ: Туризм орталығы жаңа жобаны қолға алып жатыр

Шымкенттегі 18-19 ғасырларға тән тарихи мұнараға құрылыс жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов фейсбук әлеуметтік желісінде жазды.
Шымкентте Мұса пайғамбардың серігі саналатын Қызыр Пайғамбардың 18-19 ғасырларға тән тарихи мұнарасы бар. Сайрам тұрғын алабында орналасқан бұл нысан – туристік, мәдени, ерекше нысандарымыздың бірі. Мұнара әлемге әйгілі Пизан мұнарасы секілді 15’С-қа оңға қарай қисайған. Нысанның биіктігі 10,5 м болып, жер сілкінісінің нәтижесінде қазір 5,7 метрге жеткен, – деді М.Исахов.
Осы орайда қала әкімінің орынбасары аталған нысанға құрылыс жұмыстары жүргізілуі қажет екенін атап өтті.
Кейінгі кезде мұнараның, өзге де ескерткіштердің сыртқы келбеті нашарлап, күтіп-баптауды, құрылыс жұмыстарын жүргізуді қажет етуіне байланысты біздің туризм орталығы меценаттардың көмегімен жаңа жобаны қолға алып жатыр. Жобаға алғаш болып қаламыздың тұрғыны, меценат Бауыржан Мырзатаев мырза демеушілік көрсетіп, тарихи мұнараның аумағын абаттандыруға қолғабыс жасап, жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Аяқталған соң, тағы бөлісе жатармыз, – деді Мақсұт Пернебайұлы.
Айта кетейік, бүгін Шымкент қаласында 18 наурыз «Игі істер» күніне орай Мақсұт Исахов: «Сүйікті қаламызды бірге көркейтейік!» деп, нысан ауласына ағаш көшеттерін отырғызды.