Қазіргі таңда негізгі көпір өткелдерінің темірбетонды конструкциясы 95%-ға орындалды.
Шымкент қаласындағы Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында салынып жатқан жолайрық құрылысының 55 пайызы атқарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жобаға сәйкес, жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде Арғынбеков көшесі, жоғарғы деңгейде Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасатын болады.
Биылғы жылдың мамыр айының соңында Арғынбеков көшесін, шілде айында Бәйдібек би даңғылы және оң жақ өткелдерін көлік қоғалысына ашу жоспарлануда.
Аталған жобаның техникалық сипаттамасына сәйкес, Бәйдібек би даңғылы бойынан 700 метр, Арғынбеков көшесі бойынан 921 метр жол аралығы құрылыс аумағына енгізілген. Жолайрық магистралының ені 80 метрден 4-6 жолақты құрайды.
Айта кетейік, Шымкентте биыл 35 шақырым орталық жолдар жөнделеді. Талдау нәтижесінде анықталған тозығы жеткен 50 көшенің 20-сына биыл жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Олардың ішінде магистраль жолдар мен ішкі орам көшелер де бар. Мониторинг тізіміндегі қалған жолдар алдағы жылдары кезең-кезеңмен жөнделетін болады.
Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы жол құрылысының сапалы, өндірістік кестеге сай жүргізілуін қадағалауды тапсырды.
Жыл соңына дейін жөндеуден өтетін нысандар:
1. Д.Қонаев даңғылы;
2. №1 автомобиль жолы;
3. Қазыбек би көшесі;
4. Желтоқсан көшесі;
5. Назарбеков көшесі;
6. Аймауытов көшесі;
7. Көшеров көшесі;
8. Тыныбаев көшесі;
9. Қабанбай батыр көшесі;
10. Анаров көшесі;
11. Жансүгіров көшесі;
12. Абай даңғылы;
13. Исмайлов көшесі;
14. Алпысбаев көшесі;
15. Еділбаев көшесі Ақжайық шағын ауданы;
16. Пазиков көшесі Шапағат шағын ауланы;
17. Орынбаев көшесі;
18. Шанин көшесі;
19. Байтіленов көшесі;
20. Үркімбаев көшесі.