Шымкентте ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Сабырұлы Оспанмен жиын өтті.
Жиында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек төрағалық етті. Кездесуге Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы 160-қа жуық жекеменшік мектеп басшылары қатысты.
Вице-министрмен өткен жиында жекеменшік мектептерді одан әрі дамыту және оларды қаржыландыру мәселелері талқыланды.
Жиын соңында Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы жекеменшік мектептердің өкілдері мен министрлік өкілдері өзара ұсыныстар мен пікір алмасып, алдағы уақыттағы жұмыс бағыттарын анықтады.