ШЫМКЕНТ: ​«Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті

0
775

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


ШЫМКЕНТ: ​«Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті

«Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Шымкент қаласындағы Индустриалдық техникалық колледж студенттерімен кедесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкенттік полицейлер жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуда.

Тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр.

Аталған іс-шараға Шымкент ҚПД Абай АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бакытжан Сатыбалдыұлы Адилбеков пен Абай АПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бағдат Жәнібекұлы Жүсіпбек қатысты. Олар кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі 23.00-ден кейін көшеде ата-анасының немесе заңды өкілінің еруінсіз жүруге тыйым салынғанын айтып, жалпы түсінік беріп өтті.

Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді. Мамандар қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады.

Кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.

Сонымен қоса, М.Әуезов атындағы ОҚУ Заң факультетінің бас ғимаратында есірткіге тәуелділіктің алдын алу мақсатында «Нашақорлық және қылмыс» атты тақырыпта кездесу өтті. Аталған іс-шараға Шымкент қаласы Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Қанатұлы Карбеков, Шымкент қаласының Психикалық денсаулық орталығының дәрігері Раушан Асанқызы Баймурунова, Шымкент қаласының Ренессанс жекеше оңалту орталығының жетекші маманы Анатолий Николаевич Ичетовкин және факультет деканы Қ.Р. Сарықұлов қатысты. Факультет студенттеріне аталған тақырыпта семинар өткізіп, есірткінің бүкіл әлемде, сондай-ақ, Қазақстанда таралуының алдын алу мәселелеріне байланысты көптеген фактілер айтылды.

Есірткі құралдарын тұтыну құрылымы жыл сайын өзгеріп отыратындығы – таралу формулалары үнемі жаңартылып отыратындығы жаңа синтетикалық препараттар пайда бола отырып, әлеуметтік желілердегі арандатушылықтың алдын алу мәселелері айтылды.