ШЫМКЕНТ: «Жастар практикасы» бағдарламасы жұмыссыз жастарды шақырады

0
2 504

Бағдарлама талабына сай, қатысушының жасы 29-дан аспауы тиіс және «жұмыссыз» мәртебесі болуы шарт.


ШЫМКЕНТ: «Жастар практикасы» бағдарламасы жұмыссыз жастарды шақырады

Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүрген жастарды «Жастар практикасы» бағдарламасына қатысуға шақырады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Үкіметінің 2021- 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында ұйымдастырылатын «жастар практикасы» уақытша жұмыс орны ретінде қарастырылған.
Бағдарлама талабына сай, қатысушының жасы 29-дан аспауы тиіс және «жұмыссыз» мәртебесі болуы шарт. Сонымен қатар, өз мамандығы бойынша соңғы үш жыл ішінде (2020-2022 ж) жоғары оқу орындары мен колледждердің еңбек өтілі жоқ түлектері қатыса алады. Бағдарламаға қатысуға ниетті жастар тіркелген мекенжайы бойынша жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады.
Айта кетсек, биыл қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан 2000 жасты аталған бағдарлама аясында жұмыспен қамту жоспарланған. «Жастар практикасы» бойынша тәжірибе жинақтап жүрген түлектерге 25 айлық есептік көрсеткіш (76 575 теңге) мөлшерінде жалақы төленеді.
Өткен жылы 2500-ден астам жас аталған бағдарламамен жұмыспен қамтылып, оның 1300-ге жуығы тұрақты жұмысқа орналасты.