ШЫМКЕНТ: жастарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды

0
272


ШЫМКЕНТ: жастарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының Мансап орталығы мен Өңіраралық жұмыспен қамту бөлімінің өкілдері Парасат колледжінің студенттерімен кездесті. Шараны Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Жиынға Өңіраралық жұмыспен қамту бөлімі басшысы Т. Абутәліпова мен Еңбек ресурстарын болжау және жұмыспен қамту бөлімінің маманы Д. Асанхан қатысты. Олар жастар тәжірибесі, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және еңбек нарығындағы негізгі тенденциялар туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында жас мамандардың алғашқы жұмыс орнын таңдау мәселелері талқыланып, жастар тәжірибесіне қатысу шарттары түсіндірілді. Т. Абутәліпова еңбек жолын дұрыс бағытта бастаудың маңыздылығын атап өтіп, сәтті мансап қалыптастыруға ықпал ететін негізгі факторларға тоқталды.
Шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан кеңес алды.
Бөлісу