ШЫМКЕНТ: Жазғы мектептерде 121 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр

0
444

​Шәкірттар жазғы мектепте тек білім алып қана қоймай, бос уақыттарын мәдени-сауықтыру шараларлармен өткізеді.


ШЫМКЕНТ: Жазғы мектептерде 121 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр

Шымкент қаласында жазғы мектептерде 121 мыңнан аса оқушы білім алуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жазғы мектептерде бастауыш сыныптары мен 6, 7, 8 және 9, 10 сынып оқушылары білім алып жатыр.
Жазғы мектеп жұмысы ерекше, қызықты форматта ұйымдастырылуда. Шәкірттар жазғы мектепте тек білім алып қана қоймай, бос уақыттарын мәдени-сауықтыру шараларлармен өткізеді.
Ашық аспан астында түрлі спорттық шараларға қатысып, дене шынықтырады. Жазғы мектепте оқушыларға сүйікті істерімен емін-еркін айналысуына бар жағдай жасаған.
Айта кетейік, 26 мамырда басталған жазғы мектеп 19 маусымға дейін жұмыс істейді. Жазғы мектеп оқушыларға білім берудегі олқылықтың орнын толтыруға, сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.