​ШЫМКЕНТ: «Жеке кәсіпкерлікті ынталандыру перспективалары» тақырыбында кездесу өтті

0
597

Онда Қазақстан мәслихат депутаттары бірлестігі Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Хайрулла Сәрсенов жас кәсіпкерлерге Жолдауда айтылған бизнесті қолдау шараларын түсіндіріп берді.


​ШЫМКЕНТ: «Жеке кәсіпкерлікті ынталандыру перспективалары» тақырыбында кездесу өтті

Бүгін Шымкент қаласының «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында ҚР Президентінің Жолдауы аясында «Жеке кәсіпкерлікті ынталандыру перспективалары» тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Онда Қазақстан мәслихат депутаттары бірлестігі Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Хайрулла Сәрсенов жас кәсіпкерлерге Жолдауда айтылған бизнесті қолдау шараларын түсіндіріп берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі екенін атап өтті. Бұл бағыттағы үлкен жаңалық ретінде еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жас азаматты жұмыспен қамту жөніндегі бастаманы айтуға болады. Сондай-ақ, Президент жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле беретінін, оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие берілетінін айтты. Менің ойымша, шындығында бұл бастамалар қоғамныңүйлесімді әрі әділетті болуын қамтамасыз етеді, - деді Х.Сәрсенов.

Кездесуге қатысушылар кәсіпкерлік идеяларды жүзеге асыру жөніндегі ойларын ортаға салып, өздерін мазалаған сауалдарын қойды.

Сонымен қоса, Еңбекші ауданының Маятас тұрған алабында орналасқан №119 мектеп қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауын AMANAT партиясының Еңбекші аудандының атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова талқылап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Басқосуда Г.Жартыбекова тұрғындарға Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауда айтылған қазақ тілінің мәртебесіне, халықтың денсаулығын нығайтуға, білім саласы мен жастарға, кәсіпкерлерге қолдауды күшейту қажеттігіне, сондай-ақ, Ұлттық қордың табысын қарапайым бұқараның есебіне аударуға баса назар аударғаны халықтың әл-ауқатын жақсартуға көзделген негізгі шаралардың маңыздылығын айтты.

Ұстаздар қауымы жолдаудағы білім саласын ілгерілетуге қатысты айтылған ойларды ортаға салып, өз ұсыныс-тілектерін айтты. Бұл бағытта жұмыстарды жандандыруда өз үлестерін қосатынын тілге тиек еткен педагогтер жолдауды қолдайтындарын жеткізді.