ШЫМКЕНТ: Жер алу мәселесіне байланысты 4 адамның ақшасын жымқырған күдікті ұсталды

0
833

Күдікті 1,5 миллион теңгеге жуық сомада ақша алған.


ШЫМКЕНТ: Жер алу мәселесіне байланысты 4 адамның ақшасын жымқырған күдікті ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте 4 алаяқтық жайтына қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ағымдағы жылдың 28 мен 29 шілде күндері Шымкент қаласының Полиция департаментіне 4 азамат бір адамның алаяқтық іс-әрекетінің құрбаны болғанын айтып, ұқсас шағымдармен арызданған. Қаскүнем қала тұрғындарының сеніміне кіріп, жер алу мәселелерін шешіп беремін деп, алаяқтық жолмен жалпы 1,5 миллион теңгеге жуық сомада ақша алған.

Жедел-тергеу амалдарын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, Абай ауданының Полиция басқармасына жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайттар бойынша ҚК-нің 190-бабымен «алаяқтық» сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.