Аталған іс-шараның мақсаты - студенттерге жұмыспен қамту және кәсіпкерлік мемлекеттік бағдарламалары бойынша кеңінен ақпараттар беру.
Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастардан - жастарға» ақпараттық керуен жобасы аясында «Жұмыспен қамту орталығы» мамандарының қатысуымен түсіндірме жүмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған іс-шараның мақсаты - студенттерге жұмыспен қамту және кәсіпкерлік мемлекеттік бағдарламалары бойынша кеңінен ақпараттар беру.
Шара барысында «Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің» бітіруші түлектеріне жұмыспен қамту мамандары кәсіпкерлік, мемлекеттік бағдарламалары бойынша кеңінен ақпараттар берілді.
Атап айтқанда, мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары, Жастар практикасы, алғашқы бос жұмыс орны, жас кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары насихатталды. Кездесу барысында студенттер тарапынан сала мамандарына сұрақтар қойылып, өзара еркін пікір алмасты.
Айта кетейік, Шымкентте 245 мыңнан аса жастар болса, оларға қолдау көрсету мақсатында 4 ауданнан жастар ресурстық орталықтары ашылып, жыл басынан бері 21 мың жасқа қызмет көрсеткен. Одан бөлек, 9 ірі сауда орталығында жастар ұйымдары құрылған. Олар кәсіпкерлікті дамыту және заңдастыру, спорттық шараларға тарту сынды бағытта жұмыс жасайды. «Профновигация» жобасы аясында мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмыстары бойынша 56 кездесу мен семинар-тренингтер, кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылды. Жастарды жұмыспен қамту мақсатында NEET санатындағы жастар туралы тұжырымдама әзірленіп, бекітілді. Жыл басынан 27 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 4 100 жас қамтылды. «Мобильді топ» 48 шалғай елдімекенді аралап 15 000 астам жасқа ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 6 828 жас мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 162 жас алғашқы жұмыс орындары, 123 жас әлеуметтік жұмыс орындар, 3 623 жас тұрақты жұмыспен, 996 жастар практикасымен, 1 924 жас қоғамдық жұмыс орындарына жолданған.