ШЫМКЕНТ: Жылыту маусымы 5-ші сәуірге дейін ұзартылды

0
2 065

Жылда 24-ші наурызда өшірілетін.


ШЫМКЕНТ: Жылыту маусымы 5-ші сәуірге дейін ұзартылды

Шымкентте ауа температурасының минустық мәніне дейінгі төмендеу қаупі болғандықтан жылыту маусымы 5-ші сәуірге дейін ұзартылды, деп хабарлайды

ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бекен Мақұлбаев мәлімдеді.

"Жыл сайын жылыту құрылғылары 24-ші наурызда өшірілетін. Синоптиктердің болжамына сәйкес Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен, биыл жылыту маусымы 1-ші сәуірге дейін ұзартылды. Бірақ ауа температурасының минустық мәніне дейінгі төмендеу қаупі болғандықтан, жылыту маусымын 5-ші сәуірге дейін тағы ұзарттық", - деді Бекен Мақұлбаев.

Айта кетейік, Шымкентте жылыту маусымы 15-ші қазанда басталған болатын.