Шымкенттің теміржол вокзалынан өрт шықты.
2020 жылғы 21 қаңтарда сағат 02:07-де «101» басқару пультіне Әл-Фараби ауданындағы Анаров көшесінде орналасқан Шымкент қаласының теміржол вокзалының ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қ. ТЖД Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 52 адам жеке құрамы және 12 техника жедел жеткен. Өрт сөндіру бөлімшелері ғимараттың 1-ші қабатындағы қосалқы үй-жайда 6 шаршы метр жерде ескі жиһаздар, қағаз қорапшалар жанғанын анықтаған. Өрттің беті сағат 02:18-де оқшауланып, 02:27-де толығымен сөндірілді. Арнайы мамандар оқиға орнына келгенше 30 адам өздері үй-жайдан шығып кеткен. Өрттің шығу себебі әлі анықталмады. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.