Шымкентке биыл 330 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланып отыр

0
2 403

2020 жылы инвестиция көлемі 41 пайызға өскен.


Шымкентке биыл 330 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланып отыр

Биыл Шымкент қаласына 330 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте кәсіпкерлікке қолдау көрсетіп, инвестиция тартуға басымдық беріліп отыр. Соның арқасында былтыр инвестиция көлемі 41 пайызға өсіп, 278,5 млрд. теңгеге жеткен. Осылайша, қалаға инвестиция тарту бойынша, Шымкент республикада 17-орыннан 2-ші орынға шықты.
Ал, өткен жылы 2020-2025 жылдар аралығында іске асатын инвестициялық жобаның базасы әзірленді. Оған құны 1,4 трлн. теңге құрайтын 157 жоба енді.
2020 жылы осы жобалардың 34-і жүзеге асып, 2000 жаңа жұмыс орны құрылды. Жобаларға 88,8 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылған. Соның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы 11,8 млрд. теңгеге 5 жоба іске асырылған.
Осы жылы мегаполисте 330 млрд. теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланды, өсімі 26 пайызды құрамақ.