Шымкентте 1000-нан астам полиция 10 күн бойы тексеру жүргізеді

0
1 550

Шымкентте кең көлемді «Қауіпсіз қала» іс-шарасы өтуде.


Шымкентте 1000-нан астам полиция 10 күн бойы тексеру жүргізеді

ERNUR.KZ. Шымкентте кең көлемді «Қауіпсіз қала» іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Атап өтсек, үстіміздегі жылдың 25 шілде мен 5 тамыз аралығында Шымкент қаласы аумағында кең көлемді «Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс шарасы жүргізіліп жатыр.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – бұрын қолданыста болған заттарды сататын нүктелерді анықтау, яни автобөлшектер сататын орындарға, ломбардтарға, темір сататын нүктелерге, ұялы телефон сататын нүктелерге және т.б. сауда орындарына кең көлемді тексеру жұмыстарын жүргізу және оларды тіркеуге алу болып табылады.

Сонымен қатар, тәулікке жалға берілетін пәтерлерді анықтау, тіркеусіз жүрген азаматтарды, бұрын сотты болғандарды тексеріп, есепке алу. Түнгі уақыттарда ойын – сауық орталықтарына, ойынханалар мен сауналарға тексеру жүргізу, есепке алу. Жеке үйлерге тексеру жұмыстарын жүргізу. Есірткі заттары мен заңсыз қаруларды анықтау болып табылады.

Айта кетейік, бұл іс-шараға Шымкент қаласының 1000-нан астам полиция қызметкері жұмылдырылып, олар он күн бойы күшейтілген тәртіпте жұмыс атқаратын болады.