Оның мәйіті жуынатын бөлмеден табылған.
Шымкентте 11 жасар бала өз үйінде белгісіз жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, жедел медициналық көмек қызметінен Шымкент қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне 10 қазан күні сағат 06:30-да жазатайым оқиға туралы хабарлама келіп түскен.
«Аталған оқиға Еңбекші ауданының Маятас елді мекенінде Жалын көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, туыстары жуынатын бөлмеден үй иесінің 2011 жылы туған ұлының мәйітін тапқан», - делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі таңда өлімнің нақты себебі анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды.