Олар "Еңбек" бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасты.
Шымкентте 1566 адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ
"Еңбек" бағдарламасы 4 бағыттан тұрады және олар халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, еңбек нарығын, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Сондай-ақ, кәсіптік білім беруді де қамтиды. Жалпы, жыл басынан осы уақытқа дейін 1566 адам жаңа жұмыс орындарына жолданып, 8 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ 3700-ден астам адам жұмыспен қамтудың жол картасы аясында қаладағы құрылыс және инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарына жолданып, олар жұмыстарын атқаруда.