Шымкентте 20-дан астам каналға күрделі жөндеу жүргізіледі

0
558

Нәтижесінде 5 172 гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу күтілуде.


Шымкентте 20-дан астам каналға күрделі жөндеу жүргізіледі

Шымкент қаласында 22 каналға күрделі жөндеу жүргізілмек, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жалпы Шымкент қаласы бойынша 34 канал бар. Оның ішінде ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланудағы 27 канал, ал қаланың ішіндегі ирригациялық мақсатта пайдалануда 7 канал және 4 су қоймасы бар.
Су қоймалардың «Тоғыс», «Бадам» су қоймалары «ҚазСушар» РМК меншігінде болса, «Текесу», «Ақжар» су қоймалары басқарманың теңгерімінде.
Бүгінде жалпы ұзындығы 35,5 шақырымды құрайтын 3 каналдарға (Көк, Сайрам су, Чумчак) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 1 743 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылып, ауыл шаруашылығының өнім өндіру көлемі артатын болады.
Аталған жұмыстарды жалғастыру мақсатында 4 жылда жалпы 195,74 шақырымды құрайтын 22 каналға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде 5 172 гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу күтілуде.