Шымкентте 27 жастағы ер адам отбасылық жанжалдан соң өзіне қол салмақ болды

0
579

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, полицейлер кем дегенде бірнеше секундқа кешігіп қалса, азаматты құтқару мүмкін болмас еді.


Шымкентте 27 жастағы ер адам отбасылық жанжалдан соң өзіне қол салмақ болды
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент полицейлері үш баланың әкесін ажалдан арашалап қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, түнгі сағат 3:00-де полицияға «102» арнасы арқылы отбасылық жанжал туралы хабарлама келіп түскен. Шақырту бойынша көрсетілген мекен-жайға Шымкент қаласы ПД патрульдік полиция полкінің кезекші инспекторлары барған.
"Полицейлерді үй иесі қарсы алып, күйеуінің сарайға қарай бет алғанын жеткізген. Полиция қызметкерлері оны іздеуге кіріскен. Артынша тәртіп сақшысы сарайда малды байлайтын арқанға ілінген үй иесін тапқан. Ер адам тұншығып қалыпты. Полиция қызметкері оны жедел көтеріп, серіктесін көмекке шақырған. Олар арқанды пышақпен кесіп тастап, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Содан кейін ол өзіне келді", - делінген баспасөз хабарламасында.
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, полицейлер кем дегенде бірнеше секундқа кешігіп қалса, азаматты құтқару мүмкін болмас еді.
Белгілі болғандай, 27 жастағы қала тұрғыны тұрмыстық мәселелерге байланысты осындай қадамға барған.