Оның ішінде 21,2 шақырымы магистралды көше, 202,6 шақырымы ішкі орам көшелер.
Шымкент қаласында биыл 223,8 шақырым болатын 291 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде 21,2 шақырымы магистралды көше, 202,6 шақырымы ішкі орам көшелер.
Орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелердің 61,6 шақырымы Абай ауданына тиесілі болса, 10 шақырымы Әл-Фараби ауданында, 60,5 шақырымы Қаратауда, ал 70,5 шақырымы Еңбекші ауданында жүргізіледі.
Жалпы қалада 2025 жылға дейін ұзындығы 1000 шақырым шамасында болатын жол орташа жөндеуден өткізу жоспарлануда. Нәтижесінде жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдар үлесін 79 пайызға жеткізу көзделуде.