Шымкентте 337 жұмысшының жалақы қарыз өтелді

0
597

33,6 млн теңге көлеміндегі жалақы қарызы қайтарылды


Шымкентте 337 жұмысшының жалақы қарыз өтелді

Осы жылдың 10 айында 956 азаматтың арыз-шағымы қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Соның ішінде 160-на тексеру жүргізіп, 189 заң бұзушылық анықталды. Нәтижесінде, аталған заң бұзушылықтардың 156-сы жойылды. Одан бөлек, кәсіпорындардың жұмысшылар алдындағы жалақы қарызын қайтару бойынша жұмыстар атқарылуда. Яғни, мемлекеттік еңбек инспекторларының араласуымен 37 кәсіпорында 337 жұмысшының 33,6 млн теңге көлеміндегі жалақы қарызы өтелді.

Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес бүгінде қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдардарға күнделікті мониторинг жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері Шымкент қаласы бойынша 2 210 кәсіпорын 75 676 еңбек шартын арнайы жүйеге енгізген.

Бұл туралы Шымкент қалалық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов мәлімдеді