Шымкентте 4 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылады

0
718

8 380 жұмыс орны құрылатын болады.


 Шымкентте 4 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылады

Шымкентте 8 380 жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр баспасөз брифингінде мәлім етті.

- Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты мемлекет тарапынан арнайы антикризистік шараларды қолдану арқылы, экономикамызды дамытуға тиісті қаржы бөлінген. Бұл ретте Шымкент қаласында да нақты шаралар қолға алынды. Қала бойынша жұмыспен қамтудың жол картасы арқылы 224 жобаны қаржыландыру мақсатында 45 млрд теңге қаржы бөлінген. Жобаны жүзеге асырған кезде 8 380 жұмыс орны құрылатын болады. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 190 азамат жұмыспен қамтылмақ. Жоғарыдағы 224 жобаның 223-і бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланған. Қазіргі кезде жұмысын бастаған 67 жоба аясында 2 141 жұмыс орны ашылып, 532 азамат жұмыспен қамтылған, - деді қала әкімінің бірінші орынбасары.