Шымкентте 64 026 жұмыс орны ашылды

0
2 313

101 мың адам жұмыспен қамтылды.


Шымкентте  64 026 жұмыс орны ашылды

Даму бағдарламасы аясында білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, спорт, мәдениет және туризм салаларында бірқатар жұмыстар атқарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2018-2020 жылдары қалада 95 балабақша ашылды. Нәтижесінде 3-6 жас аралығында балабақшамен қамту 100% құрады.
Қалада 21 үш ауысымда және апатты жағдайда оқытатын мектептер бар. 2020 жылы 13 мектепте құрылыс жүргізілсе, жыл соңына дейін 8 мектеп пайдалануға берілмек.
2020 жылы 6,3 млрд.теңгеге 7 медициналық ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Екі жылда қалада 64 026 жұмыс орны ашылған. Нәтижесінде 101 мың адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде жастар практикасына – 9 мың адам, қоғамдық жұмысқа – 8,9 мың адам жолданған. Кәсіби оқумен 7,8 мың адам қамтылған. Оның ішінде 2 943 мүгедек азамат жұмыспен қамтылды.
Қала бойынша 878 спорт нысаны бар. Соңғы екі жылда 74 спорт нысаны ашылды. Бұқаралық спортпен айналысушылар саны 3%-ға артқан.