Түлектер тестті 21 – 30 маусым аралығында тапсырды.
Шымкент қаласында биыл оқу жылын 172 білім беру ұйымында 8 885 түлек мектеп бітірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға 6 845 түлек өтініш білдірген.
Түлектер тестті 21 – 30 маусым аралығында тапсырды. Өтініш білдірушілердің арасында ҰБТ тапсырғандар саны 6 468 болса, тапсырмағандар саны – 377.
Денсаулық жағдайына байланысты 8 түлек тестілеуге жіберілмеген. 182 талапкер рұқсат етілмеген заттарды алып кірмек болғаны үшін тестке жіберілмеген, 53-і тест кезінде ережелерді бұзғаны үшін шеттетілген. 134 – түрлі себептермен тестке келмеген.
308 талапкер - тамыз айында өтетін ақылы негізде өтетін тестке тіркеліп, тапсыратын болады. Ал 8 талапкер орта арнаулы білім беру (колледж) ұйымдарына түсуге ниет білдірген. 53 талапкер - 2020 жылғы қаңтар айында өткен ақылы негіздегі тесттің қорытындысы негізінде ЖОО құжат тапсыратын болады.
Ғимаратқа кіргізу кезінде дене қызуының жоғары болуына байланысты 8 талапкер ҰБТ-ны 19 шілде тапсаратын болды.
Айта кету керек, ҰБТ тапсыру ешбір түлекке міндеттелмеген. Яғни, әрбір талапкер ЖОО орнына түсу үшін өз еркімен тест тапсыруға өтініш білдіре алады. Сондай-ақ, тест нәтижесін ЖСН арқылы тек өзі ғана көруіне мүмкіндік бар.