Шымкентте АӘК тағайындауда сыбайлас жемқорлықты болдырмау жолдары қаралды

0
1 093

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жедел-тергеу тәжірибесі атаулы көмек тағайындау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар екендігін көрсетті.


Шымкентте АӘК тағайындауда сыбайлас жемқорлықты болдырмау жолдары қаралды

Шымкентте Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жолдары қаралған жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиын көтерілген басты мәселе, көпбалалы аналарды әлеуметтік қолдау және атаулы әлеуметтік көмек көрсету кезіндегі кемшіліктердің алдын алу жолдары мен 2019 жылы Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау болды. Сондай-ақ, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен мемлекеттік сатып алуды жоспарлау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жедел-тергеу тәжірибесі атаулы көмек тағайындау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар екендігін көрсетті.

Осы орайда, басқарма мен оған қарасты мекемелердің ұжымдары арасында Департамент және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлерімен жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырғандығы айтылды.

Шара барысында Агенттіктің «1424» Call-орталығы азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді, шағымдар, өтініштер, ұсыныстар мен пікірлерді қабылдайды, сыбайлас жемқорлық фактілеріне, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы телефон хабарламаларына шұғыл әрекет ететіндігі хабарланды.