Шымкент аэропорты неге сатылатыны белгілі болды

0
800

Аэропорт бұл Үкіметтің қаулысымен жекешелендіруге жататын, өзін өзі қаржылай ақтауға мүмкіндігі бар обьектінің бірі.


Шымкент аэропорты неге сатылатыны белгілі болды

Аэропортты сату қала бюджетіне салмақ түсірмеу мақсатынан туындап отырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында ауқымды жобалар мен құрылыс жұмыстары бұрын соңды болмаған қарқынмен жүріп жатыр. Бүгін ақпараттық - коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов осы мәселе жайын нақты түсіндіріп өтті.

Аэропорт бұл Үкіметтің қаулысымен жекешелендіруге жататын, өзін өзі қаржылай ақтауға мүмкіндігі бар обьектінің бірі деуге болады. Бұл обьектінің сату құны 5,2 млрд теңге бағаланыпты.

Ұшақтар қонатын ескіріп жатқан алаңды қайта күрделі жөндеуден өткізу үшін 10 млрд теңге көлемінде шығын кетеді деген болжам бар.