Акция 1 тамыз 30 қыркүйек аралығында өтетін болады.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласында «Мектепке жол» акциясы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Абай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Шымкент қаласы Абай ауданы əкімшілігі мен "Алатау-Шымкент" сауда орталығының бірлесе ұйымдастыруымен "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шарада аудандағы жетім, жартылай жетім жəне аз қамтылған балалар мектеп формасы мен қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, «аталған іс-шара жалғасын табады», - деліген хабарламада.
Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясын өткізу туралы жариялағанын жазған болатынбыз. Акция 1 тамыз 30 қыркүйек аралығында өтетін болады.