Шымкентте алғаш рет иық буынын толық алмастыру отасы жасалды

0
1 087

Ота нәтижесінде науқасқа жасанды иық орнатылды.


Шымкентте алғаш рет иық буынын толық алмастыру отасы жасалды

Бүгін Шымкент қаласындағы Түркістан облыстық ауруханасында бірінші рет иық буынын толық алмастыру отасы жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Клиникалық ауруханада жасалған ота нәтижесінде иық буыны сынған науқасқа жасанды иық орнатылды. Операцияға Қорған Травматология және ортопедия орталығының эндопротездеу бөлімшесінің басшысы,әрі американдық Ортопедиялық Хирургтар қауымдастығының мүшесі, жоғары санатты дәрігер Каменский Андрей Владимирович жетекшілік етті. Алғаш рет оң жақ иық сүйегіне имплант орнатқан бұл пациент 6 аптадан кейін оңалту емінен өтеді.

Сондай-ақ, ота барысында ресейлік дәрігерлер жұмыс тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, жергілікті дәрігерлерді эндопротездеу саласындағы заманауи емдеу әдістерімен таныстырды.Соңғы 10 жыл ішінде Түркістан облысының дәрігерлері әлемдік өндірушілердің имплантацияларымен жамбас, тізе және шынтақ буындарын толық ауыстыруды кезең-кезеңмен игеріп келеді.