Шымкентте «Әскери өмірге баулу» атты әскери-спорттық шара өтті

0
959

Шара барысында колледж студенттері серпіліс, қол күрес және автоматты уақытқа шашып-жинау сынды өзара жарысқа түсті.


Шымкентте «Әскери өмірге баулу» атты әскери-спорттық шара өтті

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент мамандандырылған колледжі студенттерімен «Әскери өмірге баулу» атты әскери-спорттық шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараның мақсаты - әскери борышын өтеуге деген жастардың қызығушылығын арттыру. Әскери-спорттық ойындармен сайыстар ұйымдастыру арқылы патриоттық сезімдерін ояту.

Шара барысында колледж студенттері серпіліс, қол күрес және автоматты уақытқа шашып-жинау сынды өзара жарысқа түсті.

Айта кетейік, Шымкентте күзгі әскерге шақыру қызу жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша 700-ден астам жерлесіміз әскери киім киіп, Отан қорғаушылар қатарына қосылады. Әскерге шақыру науқанының жоспарына сәйкес қазір ҰҚК Шекара қызметінің, Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері, одан кейін – Қарулы Күштердің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдері жасақталады. Әскерге жіберілмес бұрын шақырылушылар медициналық комиссиядан, тесттерден және сұхбаттан өтеді, онда қызмет етуге мотиві мен психологиялық көңіл-күйі анықталады. Әскерге шақыру комиссиясы бірінші кезекте техникалық мамандық алған, дене дайындығы жақсы, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды және ең бастысы әскерге баруға ниет білдірген шақырылушыларға басымдық береді. Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары полковник Ажимухан Шынтаев атап өткендей, барлық бос уақытын өткізетін гаджеттердің арасында өткізетін әскерге шақырылушылар арасында көз аурулары артқан.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласының тұрғындары бүкіл ел бойынша құрлық, десанттық-шабуылдау және зымыран-артиллериялық әскерлерде мерзімді қызмет өткереді, ал инженерлік мамандықтары бар әскерге шақырылушылар көбінесе бейіні бойынша қызметті таңдайды. 2021 жылғы 1 наурыздан бастап әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату Мемлекеттік қызметтер болып табылатынын және азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылатынын атап өту қажет.