Шымкентте аттракционнан құлаған жасөспірім көз жұмды

0
787

Жасөспірім жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.


Шымкентте аттракционнан құлаған жасөспірім көз жұмды

Шымкентте 17 жастағы жасөспірім аттракционнан құлап, жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға "Қиял әлемі" паркінде орын алған. Мектепті енді бітірген жігіт паркте жұмыс істеп жүрген.

Инсайдерлік ақпарат көзінен белгілі болғандай ол металл конструкцияға көтерілемін деп құлап түскен.

"Саябақ қазір жабық, тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Толығырақ осыдан кейін жауап береміз", - делінген сайттың ақпаратында.