Шымкентте бір жасар бала электр тоғынан қайтыс болды

0
550

Ойнап жүрген бүлдіршін абайсызда ашық тұрған электрсымды қолымен ұстап қалған.


Шымкентте бір жасар бала электр тоғынан қайтыс болды

Шымкент қаласында 1 жасар ұл бала электр тогынан қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған оқиға 15 тамыз күні сағат 20:30-да Қаратау ауданы Нұртас шағын ауданындағы Құлагер көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде орын алған.

Ата-анасының айтуынша, үйде «Әсел» пеші ұзартқыш арқылы тоққа қосылу тұрған. Қасында ойнап жүрген бүлдіршін абайсызда ашық тұрған электрсымды қолымен ұстап қалған.

"Бала оқиға орнында қайтыс болған. Оқиғаның нақты мән-жайын полиция қызметкерлері анықтайды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, қалада тамыз айында электр тоғынан соққы алып, 2 жазатайым оқиға орын алған. Оның бірінде 2013 жылғы қыз бала зардап шеккен, ал 2021 жылғы бүлдіршін қайтыс болды.