2025-2027 жылдары Шымкентте 24 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Шымкент қаласында биыл 9 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Қазір жаңа оқу жылы қарсаңында білім ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізетін мердігерлер анықталды. Оқушылардың заманауи талапқа сай білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін мектептердің материалдық-техникалық базасы да жаңартылады.