Шымкентте биыл «Жастар практикасымен» 2500 адам жұмыспен қамтылады

0
2 536

Бағдарламаға 2018-2020 жылдары жоғарғы оқу орындарының түлектері қатыса алады.


Шымкентте биыл «Жастар практикасымен» 2500 адам жұмыспен қамтылады

Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде жұмыспен қамту шаралары жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Үшінші мегаполисте нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде жұмыспен қамту шаралары жүзеге асырылуда.
Жыл басынан бері 472 жұмыссыз жас бағдарлама аясында медициналық, педагогикалық және техникалық мамандықтары бойынша түрлі мекемелерге, кәсіпорындарға жолданды.
Жалпы, «Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептеледі. Бағдарламаға қатысу үшін 29 жастан аспаған жұмыссыз және 2018-2020 жылдары жоғарғы оқу орындарының түлектері мамандығы бойынша қатыса алады. Мерзімі – 6 ай, жалақысы – 25 АЕК.
Ескертетін бір жайт, бағдарламаға жастар бір-ақ рет қатыса алады. Бұл бағдарламамен биыл 2500 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.