Күдікті ер адам 16 ақпанда жедел іздестіру шаралары барысында ұсталған.
ERNUR.KZ. Шымкентте бизнесмен ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп жазады Тengrinews.kz.
Ол Шымкенттің 27 жастағы тұрғыны болып шықты.
Ер адам 16 ақпанда жедел іздестіру шаралары барысында ұсталған.
"Күдікті өз кінәсін мойындап, оған заттай айғақтар дәлел болды. Тергеу мүддесіне орай істің өзге мән-жайы жарияланбайды. Соталды тергеу жалғасып жатыр. Күдікті қамалды", - деп хабарлады полиция өкілдері.
Жантүршігерлік адам өлтіру оқиғасы 6 ақпанда түнгі уақытта шаһардың Байтұрсынов көшесіндегі ықшамауданда болған. Қаруланған адамдар үйге терезесін сындырып кірген. Кейін олар 64 жастағы үй иесі мен оның 62 жастағы әйелін өлтірген. Ерлі-зайыпты пышақ және оқ жарақатынан қаза тапты. Ер адамға 12 рет пышақ салған. Өлтірілген кәсіпкер - құрылыс компаниясының құрылтайшысы.