Шымкентте бос жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

0
997

Нәтижесінде ауылшаруашылық мақсатындағы 54,7 га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.


Шымкентте бос жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

Шымкент қаласы аумағында ауыл шаруашылық мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекетке қайтару жұмыстары қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нәтижесінде ауылшаруашылық мақсатындағы 54,7 га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырманы жүзеге асыру мақсатында орындалды.
Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының ақпаратына сүйенсек, қалада жалпы игерілмей жатқан 1546 жер учаскесі бар екен.
Алдағы уақытта басқарма тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады. Жерді мемлекет иелігіне қайтару жұмыстары заң аясында жүргізілуде.