Шымкентте екі көлік соқтығысып, біреуі жанып кетті

0
805

Жеңіл көліктің жүргізушісі машинада қысылып шыға алмай қалған.


Шымкентте екі көлік соқтығысып, біреуі жанып кетті

иллюстрациялық фото

Шымкентте екі көлік соқтығысып, салдарынан біреуі жанып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 16 маусым күні сағат 13.20 шамасында орын алған. Шымкент қаласы Шымкент-Ленгір тас жолы, Бадам-1 тас жолының бойында "Баян батыр" дүкенінің алдында Камаз маркілі жүк тасымалдау автокөлігі мен "Hundai SantaF" маркілі жеңіл көлік соқтығысып қалған.

Жеңіл көліктің жүргізушісі машинада қысылып шыға алмай қалған. Оқиға орнына жеткен Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндірушілері автокөлікте қап қойған жүргізушіні алып шықты.

Жедел жәрдем қызметі жеткенше алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Жарақат алған екі жүргізуші де қалалық орталық ауруханаға жеткізілген.

Қос көліктің соқтығысуы салдарынан Хундайдың мотор бөлігінен өрт шыққан. Өртті сөндіруге 7-ші өрт сөндіру бөлімінен 2 арнайы техника мен 11 қызметкер мен жедел құтқару жасағы жұмылдырылған.