​Шымкентте екінші рет жүрек трансплантациясы сәтті жасалды

0
614

Дәрігерлер жүрегі алмастырылған пациент есін жиып,жағдайы жақсарғанын мәлімдеді.


​Шымкентте екінші рет жүрек трансплантациясы сәтті жасалды
Шымкент қаласындағы “Жүрек” орталығында дәрігерлер жүрек трансплантациясын сәтті жасап шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

58 жастағы қала тұрғыны көптен бері жүрек алмастыру сәтін күтіп жатқан болатын. Ал дәрігерлер пациентке күні кеше жол апатынан қаза тапқан жеткіншектің жүрегін салып берді. Жас өмірі қиылған 18 жастағы жас жігіт тек бір адамның өмірін ұзартқан жоқ, оның 4 ағзасы мұқтаж науқастарға бөлінген.

Ал ең маңызды ағза, жүрегі ауыстырылған науқас отадан кейін реанимация бөлімшесіне ауыстырылды.

Дәрігерлер жүрегі алмастырылған пациент есін жиып,жағдайы жақсарғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, мәйіттен алынған жүрек трансплантациясы Шымкентте екінші рет жасалды. Бұл жолы қаладағы Жүрек орталығының қызметкерлері ағза алмастыру отасын өз күшімен жасап шықты. Мұндай жоғары технологиялық операциялар мемлекет тарапынан тегін жасалады.