Шымкентте "ЭКО-САНА" акциясы өтті

0
1 691

Акцияның мақсаты – экологиялық білімді арттыру, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу,салауатты өмір салты мен ерік-жігерді шыңдау.


Шымкентте

Шымкентте «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында «ЭКО-САНА» сенбілік акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов,жастар мәслихатының депутаттары, қала белсенділері, волонтерлік ұйымдар мен оқу орындарынан 15 команда жасақталып, 150-ге жуық белсенді жас қатысты.

Акцияның мақсаты – экологиялық білімді арттыру, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу,салауатты өмір салты мен ерік-жігерді шыңдау.

Екі айға жалғасатын акция барысында өзен, көл жағалауларыжиналып, күл-қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтардан тазаланып, қаланың кіреберіс аймағы менорталық көшелер айналасындағы қоқыс қалдықтары шығарылады.

Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталған акцияда қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаеваөз үлестерін қосып, қала тұрғындарын абаттандыру ісіне белсене қатысуға шақырды.

Айта кетейік, үздік ұйымдар мен жастар көшбасшылары арнайы номинациялармен марапатталып, жүлделі орындарға бағалы сыйлықтар табысталатын болады.