Шымкентте ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды

0
712

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Шымкентте ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды

Шымкентте жанжал барысында әйел жұбайына пышақтап тастаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, 9 шілде күні Жедел басқару орталығының «102» арнасына қалалық жедел жәрдем бригадасынан 48 жастағы ер азаматтың дене жарақатынан қайтыс болғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

"Тексеру барысында отбасылы ерлі-зайыптылардың арасында туындаған жанжалдан пышақ жарақатын алғаны белгілі болды.
Аталған жайт Еңбекші ауданы Полиция басқармасының СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 99 бабының 1 бөлігімен (Адам өлтіру) тіркелді"
, - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі таңда қажетті сараптамалар тағайындалып, орын алған істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.