​Шымкентте инвестиция көлемі 29 пайызға артты

0
479

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды.


​Шымкентте инвестиция көлемі 29 пайызға артты

Шымкент қаласында биыл 5 айда қала экономикасына 131,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29%-ға ұлғайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды. Қала әкімі М.Әйтенов күн тәртібіне сәйкес инвестициялық саясат тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады.

Өңірде жыл соңына дейін 538 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 16%-ға артуы күтілуде деді. Бұл көрсеткішке 2022-2025 жылдары қалада жүзеге асырылатын құны 2,6 трлн. теңге құрайтын 242 инвестициялық жобалардың пулы әсер етпек. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі саласында құны 550 млрд. теңгені құрайтын 45 жоба іске асырылады.

- Шымкент қаласының әкімдігі 2025 жылға дейінгі инвестиция тарту жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізуде. Біздің жоспарымыз бүгінгі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен ұсынылған 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасына сәйкес келеді. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасатынболады, - деп сөзін түйіндеді.

Бүгінгі өткен Үкімет отырысында Шымкент әкімі М.Әйтенов қалада жүзеге асыралатын ірі инвестициялық жобаларды атады.

- «KAZALPACK» компаниясы биыл құны 23,4 млрд. теңгені құрайтын алюмин банкілерінің өндірісі жобасын іске қосып, 150 жаңа жұмыс орны құрылды. Қосымша 2023-2025 жылдары алюмин тақталары мен листтер өндірісі жобасы іске асырады. Инвестиция көлемі40 млрд. теңге, 350 жаңа жұмыс орны құрылады.

- «Karlskrona» компаниясы құны 26 млрд. теңгені құрайтын гидравликалық насостар өндірісіжобасын жүзеге асырады. Онда 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

- Өзбекстандық инвестордың қатысуымен «Orient Ceramic» компаниясы құны13 млрд. теңгеге керамикалық тақталар өндірісі жобасын жүзеге асыруды жоспарлауда. 300-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылады.

- 1 000 орындық көпфункционалды университеттік клиника мен заманауи емхана жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі 120 млрд.теңге, 3 мыңға жуық жұмыс орны. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары аяқталып, сараптамадан өтуде.

- «Asia Trafo» компаниясының құны 7 млрд. теңгені құрайтын трансформатор өндірісі. Жоба аясында Орталық Азияда теңдесі жоқ жоғары кернеулі реакторлар шығарылады.