​Шымкентте «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы өтті

0
1 320

Шара барысында Egov.kz жаңа мүмкіндіктері таныстырылды.


​Шымкентте «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы өтті

Шымкент қаласының Мамандандырылған ХҚО аумағында, автокөлік базарлары, автокөлік сататын дүкендер және адамдар көп жиналатын орындарда «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шара барысында Egov.kz жаңа мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар шымкенттіктерге Mgov.kz, телеграмдағы EgovKzBot туралы нұсқаулық буклеттер таратылды. Қызығушылық білдірген азаматтарға ЭЦҚ-ны қалай рәсімдеуге болатыны, мобильдік үкіметте тіркелу, сондай-ақ айыппұл мен салықтарды онлайн түрде қалай төлеу керектігі көрсетілді. Автокөлік иелеріне жүргізуші куәліктерін ауыстыру және көлік құралдарын тіркеу мемлекеттік қызметтерін портал арқылы алу жолдары түсіндірілді. 300-ден астам шымкенттік онлайн қызметтердің тиімді тұстарымен танысып, жоғары бағасын берді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Данабек Исабеков акцияның мақсаты – мобильдік қосымшалар мен электрондық үкімет порталының мүмкіндіктерін халыққа насихаттау екенін атап өтті. «Азаматтар тelegram-дағы EgovKzBot-тың тұрақты қолданушысы болу үшін тек бір рет мобильдік азаматтар базасында тіркелуі қажет. Мұны egov.kz электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде немесе ХҚО-да жүзеге асыруға болады. Сондай-ақ азаматтар автокөлікті қайта рәсімдеп, мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, жүргізуші куәлігін ала алады. Бұл азаматтардың уақытын үнемдеп қана қоймай, бөлім қызметкерлерінің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді», – дейді Данабек Ержанұлы.

Айта кетейік, жыл басынан бері мобильдік азаматтар базасында 200 мыңға жуық шымкенттік тіркелген.Сонымен қатар жыл басынан бері 600-ден астам жүргізуші куәлігі беріліп, 1000-ға жуық мыңға жуық автокөлік тіркелді.