Жаңа қаулы 8 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте карантиндік шектеу шаралары 8 наурыздан 29 наурызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Тулебаевтың жаңа қаулысында айтылды.
«Шымкент қаласының аумағында карантин мен шектеу шаралары 2021 жылғы 8 наурыз сағат 00:00 - ден бастап 2021 жылғы 29 наурыз сағат 00:00-ге дейін ұзартылсын» деп бекітілген.
Жаңа қаулыға сәйкес Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 19 ақпандағы №4 және 2021 жылғы 1 наурыздағы №5 қаулыларына сәйкес шектеу шаралары қатаң сақталуы тиіс.