Шымкентте карантиндік шектеулер ұзартылды

0
613

2021 жылдың 2 маусымынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды.


Шымкентте карантиндік шектеулер ұзартылды

Шымкентте адамдардың көп жиналуына байланысты кез-келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысында айтылды. "Шымкент қаласында карантин режимі және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 2 маусымынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын " деп бекітілген.

Жаңа қаулыға сәйкес, адамдардың көп жиналуына байланысты кез-келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектеледі. Барлық нысандарда оның ішінде қоғамдық көлікте, таксиде санитариялық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс шаралар жүргізілуі тиіс.

Өз жұмысын қайта бастаған нысандарда (базарлар, қоғамдық көлік, коммуналдық нысандар, шаштараздар, сұлулық салондар, моншалар, сауналар, спорт объектілері, қоғамдық тамақтану орындары, банктер, ХКҚО) коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бағытында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізілуі қамтамасыз етіледі.