Шымкентте халыққа тегін кеңес беретін байланыс нөмірі іске қосылды

0
1 766

Орталық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жанынан ашылды.


Шымкентте халыққа тегін кеңес беретін байланыс нөмірі іске қосылды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте әлеуметтік мәселелер бойынша 1300 нөмірі іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жанынан халыққа тегін кеңес беретін бірыңғай байланыс нөмірі іске қосылды. Енді үшінші мегаполис тұрғындары жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан көрсетілетін қызмет бойынша кез-келген ақпаратты үйде отырып-ақ алалады. Ол үшін тұрғындар 1300 немесе 77-11-03 нөмірін терсе, жетіп жатыр.

Бұл жерге келіп түскен сұрақтарға операторлар таңғы сағат 09:00-ден кешкі сағат 19:00-ге дейін жауап береді.


дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі