Шымкентте қоғамдық көліктерге электронды төлем жүйесі енгізіледі

0
973

“Төлем” электрондық билеттендіру жүйесін енгізу жобасы “QazSmartTrans” ЖШС-нің жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылады.


Шымкентте қоғамдық көліктерге электронды төлем жүйесі енгізіледі

Шымкентте қоғамдық көліктер шілде айынан бастап электрондық билеттендіру жүйесіне көшпек, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, «Shymkent» ӘКК урбанистика департаментінің директоры Жеңіс Жалбыр және «QazSmartTrans» ЖШС-і директоры Сержан Ақылбаевтың қатысуымен «Жолаушыларды тасымалдау саласын реформалау» тақырыбында онлайн-брифинг өтті.

– Схеманы әзірлеуді «City Transportation Systems Transport» (Астана LRT) ЖШС-і жүзеге асырады. Ал қоғамдық көлікті жан-жақты модернизациялау, қоршаған ортаны құру, жолаушыларды тасымалдау қызметін жақсарту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, барлық жолды пайдаланушылар үшін қолайлы көліктің қызмет ету мерзімін сақтау және көліктің ұтқырлығын құру бойынша ауқымды жұмыстар іске асты. Бұл жұмыстар барысында «Online» режимінде қала тұрғындарының 21 мыңынан сауалнама жүргізіліп, 75%-ы қоғамдық көлікті модернизациялауды талап ететіні айқын болды. Атап айтсақ, жолаушылар қоғамдық көліктердің бағыттары өзгеруін, қызмет көрсету сапасы жақсаруын және автобустарды жаңартуды қалайтындықтарын жеткізді» – деді, Мақсұт Исахов.

Көлік картасының бағасы 500 теңгені құрайды.
Карталардың 4 түрі бар. Олар - жалпы пайдаланылатын карта, оқушылардың картасы, студенттік және тегін жүру картасы.
“QazSmartTrans” ЖШС-гі тарапынан көлік картасы ҰОС ардагерлері мен мүгедектерге, тыл еңбеккерлеріне, Батыр ана, Алтын алқа, Күміс алқа төс белгілерімен марапатталғандарға және I-топтағы көру қабілеті нашар зағип жандарға тегін таратылады.

Жолаушыларға көлік картасымен, SMS, QR-код, смартфонды қолдана отырып, жол жүру ақысын төлеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, оқушыларға мектеп асханаларында көлік картасымен төлеу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, қаладағы қоғамдық көліктердер “Төлем” электрондық билеттендіру жүйесін енгізу жобасы “QazSmartTrans” ЖШС-нің жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылады.

Бұл жүйені енгізуге 3 млн АҚШ доллары жұмсалып отыр.

Махсұт Исаховтың айтуы бойынша, сараптамалық тексеру барысында бірнеше автобустардың бағыттары толық сәйкес келетін автобустарды анықтаған. Сондықтан, қоғамдық көліктердің бағытына өзгерістер енгізіліп, бір-біріне ұқсас бағытта жүретін автобустар қысқартылатын болады.