Кездесу барысында пікір алмасу және реформаға қатысты ұсыныстар берілді.
Шымкентте көп қабатты үйлерді басқару МИБ және ЖС бойынша іске асырылған жұмыстарды талдау бойынша жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жиынға ҚР Индустрия және инновациялық даму министрлігінің тарапынан құрылған жұмыс тобының мүшелері ҚР тұрғын үй коммуналды шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың «Қазақстандық орталығы» АҚ төрағасының орынбасары А.Жұмашев және аталған орталықтың бас сарапшысы А.Абенов және аудан әкімдіктерінің өкілдері МИБ, ЖС төрағалары қатысты.
Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан Халқына Жолдауында тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында реформаны іске асыру бойынша тапсырма берілгені белгілі. Осы мақсатта бүгінде Шымкентте ауқымды жұмыстар жүргізіліп, реформаның тиімділігі туралы тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында енгізіліп жатқан жаңа реформаны соның ішінде көпқабатты тұрғын үйлерді басқару бойынша МИБ және ЖС-ің жұмыстарына талдау, әдістемелік көмек және енгізілген реформаға ұсыныстар әзірлеу бойынша мәселелер талқыланды. Кездесу барысында пікір алмасу және реформаға қатысты ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ, жұмысшы топ қалада тұрғын үйлерде құрылған МИБ және ЖС-нің мүшелерімен және тұрғындармен кездесті. Атап айтсақ, Әл-Фараби ауданы, Пазиков №21 және Сасбұқаев №40 көшелеріндегі тЖұмысшы ұрғын үйлерде құрылған МИБ және ЖС-нің жұмыстарымен танысу мақсатында көшпелі жиын өткізілді.