7228 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.
Шымкентте жыл басынан бері коронавирустан 6
мыңнан аса адам емделіп шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкентте жыл басынан бүгінге дейін 7228 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 6829 адам емделіп шықты, өкінішке орай 157 адам қаза болды. Медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 13,1 млрд. теңге қарастырылды.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы орталық коммуникациялық қызмет алаңында өткен баспасөз брифингінде баяндады. Медицина қызметкерлерінің дайындығын пысықтау мақсатында 14 157 медицина қызметкері оқытылғандығын айтты. Қала эпидемиологиялық жағдайдың ықтимал толқынына үш сценарий бойынша дайындалды. Қазір стационарларда дайын төсек-орынның 25 пайызында адам бар немесе 327 адам ем алып жатыр.