Жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес, өз мерзімінде аяқталатын болады.
Шымкентте шұңқырларды жамау жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласында асфальтталған жолдардың жалпы ұзындығы – 2 029,2 шақырым.
Қалада 2021 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша бірқатар нысандарда жұмыстар аяқталды. Жыл басынан бері шұңқырларды жамау (3500 шаршы метр), тегістеу қабатын салу (1000 шаршы метр) жұмыстары орындалды.
Ағымдағы жөндеу жұмыстары бірінші кезекте көлік қарқыны жоғары және қала орталығындағы магистралды көшелерде атқарылуда.
Атап айтқанда, Жолан батыр, Саттарханов, Қазиев, А-2 автомобиль жолы, Бекболатов, Т.Рысқұлов (Дулати-Сайрам), Елшібек батыр және Тәуке хан көшесінде (Сайрам-Өндірістік аймаққа дейін) жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес, өз мерзімінде аяқталатын болады.