Шымкентте қосымша 314 орындық күндізгі стационар ашылды

0
1 163

Одан бөлек, 25 жекеменшік емдеу орталықтарында 314 орындық күндізгі стационар жұмыс істеуде.


Шымкентте қосымша 314 орындық күндізгі стационар ашылды

Шымкентте инфекциялық аурумен ауырып жатқан науқастарды емдеу үшін 26 мемлекеттік емханада 314 орындық күндізгі стационар ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Одан бөлек, 25 жекеменшік емдеу орталықтарында 314 орындық күндізгі стационар жұмыс істеуде. Осы орайда қала тұрғындарына күндізгі стационарлардың мекен жайын ұсынамыз.

Мемлекеттік емханада ашылған күндізгі стационарлар:
1. №1 Шымкент қалалық емхана (Жандосов көшесі №92а) 20 орын;
2. №2 қалалық емхана (Абай даңғылы №24; Абай даңғылы №35) 27 орын;
3. №3 қалалық емхана (Таскен) (Нұрсәт м.а. №190) 35 орын;
4. №4 қалалық емхана (Володар көшесі №11) 20 орын;
5. №5 қалалық емхана («Қаражол») (Сайрам көшесі №192б) 12 орын;
6. №6 қалалық емхана (Cамал–3 м.а., Әл Фараби көшесі №230) 20 орын;
7. №7 қалалық емхана (Оңтүстік м.а. 8/1) 8 орын;
8. №7 қалалық емхана («Қазығұрт») (Керуен көшесі, нөмірсіз) 4 орын;
9. №7 қалалық емхана («Бадам») (Парыз көшесі, нөмірсіз) 2 орын;
10. №7 қалалық емхана («Қарабастау») (Ж.Қамбарұлы көшесі, нөмірсіз) 2 орын;
11. №8 қалалық емхана 10 орын;
12. №9 қалалық емхана (Коммунизм) (Жиделібайсын көшесі, нөмірсіз) 20 орын;
13. №9 қалалық емхана (Жаңаталап) (Айдарқұлов көшесі, нөмірсіз) 16 орын;
14. №9 қалалық емхана (Тұрлан) (Мектеп көшесі, нөмірсіз) 8 орын;
15. №10 қалалық емхана (Қайтпас–1 м.а., Амангелді көшесі №53/1) 30 орын;
16. №11 қалалық емхана (Қазығұрт) (Құрылыс көшесі №2б) 6 орын;
17. №11 қалалық емхана (Сәуле) (Жабаев көшесі, нөмірсіз) 4 орын;
18. №11 қалалық емхана (Ақжар) (Ақжар көшесі, нөмірсіз) 3 орын;
19. №11 қалалық емхана (Ақтас) (Ақтас көшесі, нөмірсіз) 2 орын;
20. №12 қалалық емхана (Исфиджаб) (ж/м Сайрам көшесі №3д 275) 5 орын;
21. №12 қалалық емхана (Қаратөбе) (ж/м Қаратөбе көшесі №3д 93) 21 орын;
22. №12 қалалық емхана (Өтеміс) (ж/м Өтеміс, Жыңғылды көшесі №3д 26) 2 орын;
23. №12 қалалық емхана (Шапырашты) (ж/м Шапырашты, Құндызды көшесі №3д 16) 2 орын;
24. №12 қалалық емхана (реанимация) (ж/м Сайрам, Ю.Нишанбаев көшесі уч. 715) 10 орын;
25. №13 қалалық емхана (Республика даңғылы №10а) 15 орын;
26. №2 қалалық аурухана (Жібек жолы көшесі №50) 10 орын.

Бұл мемлекеттік емханадағы күндізгі стационарларда 39 дәрігер, 58 медбике демалыссыз қызмет көрсетуде. Жұмыс уақыты – сағат 08:00 мен 20:00 аралығы. Айта кетейік, науқастар тіркелген емханасы бойынша тегін емделеді.

Ендігі кезекте жекеменшік күндізгі стационарлардың мекен жайы:

1. №14 Емдеу орталығы (Аймауытов көшесі №122) 15 орын;
2. Р.Қуандық (Диваев көшесі №47) 20 орын;
3. Невро Мед (Нұрсәт м.а.№33/1) 10 орын;
4. «Медикус орталық» клиникасы (2) (Аймауытов к. №120, Диваев к. №129) 80 орын;
5. Эскулап Вита (Сайрам көшесі №198б) 10 орын;
6. Верум кз (Сырым батыр көшесі №2/18) 10 орын;
7. Рай Мед (Тассай м.а. Әл Фараби №1а) 15 орын;
8. Д.Орынбай м.о. (Алдияров № 60г) 18 орын;
9. Сымбат Нұр (2) (Иляев көшесі №105, Сырым батыр к. №118а) 10 орын;
10. СВА Интертич (Қазыбек би көшесі №24) 8 орын (жексенбі демалыс);
11. Меди-Ар (Восток м.а.№ 67д) 5 орын (жексенбі демалыс);
12. Шымкент Медикал Сервис (Ерманов көшесі №11) 9 орын;
13. Темір Сервис (Арғынбеков көшесі №2) 6 орын;
14. ЦСЗ Аружан (2) (Нұрсәт м.а. №68, Темірлан ш. №1б, 2-корпус) 3 орын;
15. Сұңқар Атырау (Қазақстан №1а) 5 орын (жексенбі демалыс);
16. Алинур и К (2) (Назарбеков көшесі №38/12, Нұрсәт м.а. №105/1) 7 орын;
17. ПК Чапаев (М.Өзтүрік көшесі, №35г) 10 орын (жексенбі демалыс);
18. Медикер Ю.К. (Бейбітшілік көшесі №2б) 5 орын;
19. Дау Мед (Абай даңғылы №4/6) 5 орын (жексенбі демалыс);
20. Атамекен (Нұртас м.а., Құлагер көшесі №194) 15 орын;
21. Альфа Мед (Тәуке хан даңғылы №146) 3 орын;
22. Омарәлі (Нұрсәт м.а., Астана даңғылы №72) 8 орын;
23. Ай Нұры (Б.Момышұлы №21а) 20 орын (жексенбі демалыс);
24. МФК Хаят (ж.м. Сайрам, Әл Фараби көшесі №13/2) 2 орын;
25. Мод и Компания (Арғынбеков көшесі №246) 15 орын (жексенбі демалыс).

Аталған жекеменшік күндізгі стационарларда 29 дәрігер, 41 медбике қызмет көрсетуде.

Айта кетейік, қаладағы барлық ауруханалар мен емханаларға үзіліссіз дәрі-дәрмек жеткізілуде. Яғни, дәрілер сақтайтын қоймалар сенбі, жексенбі күндері демалыссыз жұмыс істеп жатыр.