Дүниежүзілік туризм күніне орай екі күнге созылатын форумның алғашқысы «Қазақ ауылынан» басталды.
Шымкент қаласында Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен және Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» форум-көрмесі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күніне орай екі күнге созылатын форумның алғашқысы «Қазақ ауылынан» басталды.
Аталған шараға қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қатысты.
"Шымкент – туристік әлеуеті жоғары, 2200 жылдық тарихы бар, еліміздегі өзінің тарихи өзегін сақтап қалған бірегей қала. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Жолдауында атап өткендей, әлемдегі әрбір оныншы жұмыс орнын ашып отырған туризм саласы кез келген өңір үшін перспективалық табыс көздерінің бірі болып саналады. «Шымкент 2200: туристік креативті қала бейнесі» іс-шарасы туристік индустрияны дамытудың бәсекеге қабілетті және табысты жобаларын анықтауға және өзара табысты ынтымақтастық орнатуға таптырмас алаң болады деп сенемін", - деді қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.